Путин және Порошенкомен сөйлесті

Ердоған Ресей және Украина басшыларымен сөйлесті.

1096747
Путин және Порошенкомен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин және Украина президенті Петро Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттан алынған мәліметке қарағанда,  екі әңгімеде де Қаратеңізде Ресей мен Украина арасында соңғы күндері болған оқиға қолға алынды.

Екі жақты да тыңдаған және оқиғаға байланысты уайымдарын тілге тиек еткен президент Ердоған проблеманы дипломатиялық жолмен шешудің маңызын атап көрсетті.

25 қараша күні Азов теңізінде орыс әскери кемелері мен Украина әскери кемелері бетпе-бет келіп,  Ресейдің кемелері Украина кемелеріне оқ атқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар