Ханзада Селман президент Ердоғанмен бас қосуды талап етуде

Сыртқы істер министрі неміс "Süddeutsche Zeitung" газетіне сұхбат берді.

1095733
Ханзада Селман президент Ердоғанмен бас қосуды талап етуде

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Джемал Кашыкчы (Хошогги) қастандығын жасағандардың тәуелсіз қозғалғандарына сенбегендерін атап көрсетті.

Чавушоғлу неміс "Süddeutsche Zeitung" газетіне берген сұхбатта Кашыкчы қастандығын бағалады.

Көптеген тарап қастандыққа жауапты деп бағалаған Сауд Арабиясы ханзадасы Селманның Аргентинаның бас қаласы Буэнос-Айресте ұйымдастырылатын Үлкен жиырмалық елдері саммитінде президент Режеп Тайып Ердоғанмен бас қосуды талап еткенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Өзі президентімізге телефон шалып, Буэнос-Айресте кездесу мүмкіншілігін сұрады. Ердоған болса ‘көреміз’ деп жауап қайтарды. Қазірше ханзадамен кездеспеуге бір себеп жоқ» деді.

Қастандықпен байланысты егжей-тегжейді бөлісіп, журналист Джемал Кашыкчы өлтірілген кезде жазылған үн таспаны тыңдағанын да тілге тиек еткен Чавушоғлу «Кашыкчының (Хошогги) өлімі 7 минутқа созылады. Осы барып тоқтаған қастандық. Медициналық сараптамашының қалай тапсырма бергені анық естіледі. Дене мүшелерін бөлшектегенде музыка тыңдағысы келеді. Мұны жасағанда мәз екені байқалып отыр. Ол жауыздың адамдарды дене мүшелеріне айыруды жақсы көргені белгілі. Осы өте жиренішті» деді.

Кашыкчыға неге Түркияда қастандық жасалғаны жайлы сұраққа Чавушоғлу Кашыкчының өзіне қажетті құжатты алу үшін барған консулдықтың жері Сауд Арабиясы топырағы болып есептелгендіктен ешкімнің оларға тиісе алмайтынын ойлағандарын атап көрсетті.

Сауд журналист Джемал Кашыкчы 2 қазан күні үйлену жұмыстары үшін барған елінің Стамбулдағы Бас консулдық ғимаратында жауыздықпен өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар