PKK жақтастары Еуропада халықаралық мекемелерге шабуылдады

Оқиғаларда 7 жандармерияның жарақат алғаны 14 террор жақтаушысының тергеуге алынғаны білдірілді.

1082920
PKK жақтастары Еуропада халықаралық мекемелерге шабуылдады

Францияның Страсбург қаласында шеруге шыққан бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтаушылары Еуроодақ Кеңесі мен Халықаралық Адам құқықтары соты  (AİHM) ғимараттарына шабуылдады.

Аталмыш ғимараттарға күштеп кіруге әрекет жасаған террор жақтастарына қарсы полицияның таяқтары және газбен жауап қайтарғаны байқалды.

7 жандармерияны жарақаттаған 14 террор жақтаушысының тергеуге алынғаны білдірілді.

Террорист басшы Абдуллах Өджаланның қамауда екендігін сылтауратып Еуроодақ Кеңесі алдында шеру ұйымдастырған бөлшектеуші террор ұйымы жақтастары айналаға шабуылдап бастады.

Қауіпсіздік күштері Еуроодақ Кеңесімен Халықаралық Адам құқықтары соты ғимараттары орналасқан даңғылды көлік қатынасына жапқан шеруде бір топ ереуілші Кеңес және сот ғимараттарына қарай шеру бастап осында күткен полицияларға тас және таяқтармен шабуылдады.

Францияға қоса Германия, Швейцария мен басқа көрші елдерден Страсбургке барған террор жақтастарының екі рет полиция қауіпсіздік бекетінен асып, Еуроодақ Кеңесі мен Халықаралық Адам құқықтары соты және айналадағы халықаралық мекемелердің ғимараттарына кіруге әрекет жасағаны, осы ғимараттар мен айналаға материалды зиян келтіргендері атап көрсетілді.

Страсбург полициясы ереуілшілер лақтырған тас пен қауіпті заттар себепті 7 жандармерияның жарақат алғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар