АҚШ санкцияларды күшінен қалдырды

АҚШ Ішкі істер министрі және Әділет министріне бағытталған санкцияларды күшінен қалдырды.

1080593
АҚШ санкцияларды күшінен қалдырды

АҚШ Ішкі істер министрі және Әділет министріне бағытталған санкцияларды күшінен қалдырды.

Америка Құрама Штаттары  Қазына министрлігі Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу және Әділет министрі Абдулхамит Гүлге бағытталған санкцияларды күшінен қалдырды.

1 тамыз күні АҚШ Қаржы министрлігі Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Әділет министрі Әбдулхамит  Гүлге қарсы санкциялар енгізген еді. Сол кезде Америка билігі олардың пастор Эндрю Брансонның тұтқындалуына тікелей қатысы бар деп есептеген.

Ал қазір АҚШ Ішкі істер министрі және Әділет министріне бағытталған санкцияларды күшінен қалдырды.

Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой санкциялардың күшінен қалдырылуымен байланысты жасаған мәлімдемесінде 1 тамыз күні АҚШ Қаржы министрлігі Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Әділет министрі Әбдулхамит Гүлге қарсы санкциялар енгізгеніне орай Түркияның да тойтарыс бергенін еске салды.

 



Ұқсас жаңалықтар