Террор ұйымы кепілдікке алған жапон журналист еліне оралды

Сириядан Түркияға әкелінген жапон журналист Жумпеи Ясуда еліне оралды.

1075563
Террор ұйымы кепілдікке алған жапон журналист еліне оралды
Jumpei Yasuda-Mustafa Varank.jpg

Заңсыз жолмен барған Сириядан Түркияға әкелінген жапон журналист Жумпеи Ясуда еліне оралды.

Түркияға екі күн бұрын әкелінген жапон журналист Жумпеи Ясуда Хатай Көшу-қон басқармасы дирекциясы кері қайтару орталығындағы жұмыстарының артынан ұшақпен Стамбұл Ататүрік әуежайына ұшты.

VIP (Very Important Personel) залында Жапония өкілетті елшілігі қызметкерлерімен ұшақтың уақытын күткен Жумпеи осында Стамбұлдағы бағдарламасын аяқтап, Анкараға оралу үшін әуежайға барған Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанкпен кездесті.

Министр Варанк жапон журналистпен әңгімелесті.

Жумпеи болса өзін ДАИШ террор ұйымынан құтқаруға қолдау берген президент Режеп Тайып Ердоған және түрік халқына алғысын білдірді.

Жумпеи Ясуда кейін Токио ұшағына мініп, еліне оралды.

Жапонияның Анкарадағы өкілетті елшісі Акио Мияжима Сирияда террористердің қолына түсіп, 3 жылдан астам кепілдікке алынған Жумпеи Ясуданың Түркияның ынтымақтастығының арқасында аман-есен босатылғанына ризашылық білдірді.

Акио «Жапонияның Анкарадағы өкілетті елшісі ретінде Түркияға алғысымды білдіремін. Осы ынтымақтастық Түркияның Жапония үшін қаншалықты сенімді бір ортақ екенін тағы бір рет ортаға қояды. Жапония ретінде әртүрлі салаларда Түркиямен ынтымақтастығымызды бұдан кейінде жалғастыруға табандымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар