Ердоған және Хаманей оңаша кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Иранның діни басшысы Айетулла Хаманеймен бас қосты.

1045850
Ердоған және Хаманей оңаша кездесті

Ердоған кеше Тегеранда ұйымдастырылған «Сирия» тақырыпты Түркия-Ресей-Иран үштік саммитінің артынан Хаманеймен бас қосты. Бас қосу баспасөзге жабық өтті.

Хаманедің баспасөз кеңсесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Хаманей Ердоғанмен жасаған кездесуге қатысты бағалау жасады.

Хаманей Түркиямен Иранның аймағының екі абыройлы және мықты елі екеніне назар аударып, «Иран мен Түркия Ислам әлемі үшін ортақ мақсаттарға ие. Осы себептен Иран мен Түркия арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастық жетілдірілу керек» деген көзқарас бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар