Пәкістан Түркияның қасында

Пәкістан үкіметі Түркияға қолдау көрсететінін мәлімдеді.

1031658
Пәкістан Түркияның қасында

Пәкістан үкіметі Түркияға қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Түркияға қарсы жасаған санкция шешімін сынға тартып, «Түркия жаһандық экономиканың моторы және маңызды бір мүшесі. Пәкістан халқы мен үкіметі Түркияның бейбітшілік және тұрақтылық ізденісіне мықты қолдау көрсететінін тағы бір рет қайталайды. Біз әрқашан Түркияның қасында боламыз» деді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемесінде Пәкістанның әрқандай бір елге қарсы жасалған жалғыз жақты эмбаргоға қарсы екені түсіндірілді.

Мәлімдемеде Түркияның аймақтық және әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық үшін маңызды бір ел екені баяндалды.

Мәлімдемеде сонымен қатар «Пәкістан Түркияның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылығына қосқан үлесіне қатты риза. Біз әрқашан Түркияның қасында боламыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар