Түркия Солтүстік Иракқа операция жасауы мүмкін

Ердоған «Синджарға да, Кандилге де операция жасаймыз» деді.

988446
Түркия Солтүстік Иракқа операция жасауы мүмкін

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Иракта мүмкін бір операцияның сигналын «Синджарға да, Кандилге де операция жасаймыз» деген сөздерімен берді.

Ердоған бір теледидар каналында күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен күрес процесін түсіндірген президент Ердоған «Түркия Кандилге операция жасай ма?» деген сұраққа былай жауап берді: «Мұнда екі жер күн тәртіпке келуде. Біреуі Синджар, біреуі де Кандил.  Ирактан анда-санда Түркияға қауіп төнуде. Егер бұл қауіп үлкейетін болса, онда Ирак әкімшілігімен бірге осы тақырыпты қолға аламыз. Бағдат әкімшілігі бұл мәселені өзін шешетін болса, әрине жақсы болар еді. Егер шеше алмайтын жағдайда, Синджарға да, Кандилге де операция жасаймыз. Тіпті Махмурға да кіруіміз мүмкін. Махмур өте маңызды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Махмур мәселесін де шешуі керек. Өйткені Махмурда террористтер шоғырлануда. Ол жер террор ұясы болып табылады».

Президент Ердоған «Біріккен Ұлттар Ұйымымен осы тақырып жөнінде сөйлестіңіз бе?» деген сұраққа орай БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен талай рет бұл мәселені қолға алғанын еске салып, «Қазір де Антониу Гутеррешпен сөйлесудемін. Біреуі бұл мәселені шешсін. Егер шешпейтін болса, біз шара қолданамыз» деді.

 


Этикеттер: #Ирак , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар