Террорға қарсы жүргізілген операция жалғасуда

Зәйтүн бұтағы операциясы барысында осы таңға дейін өлтірілген террорист саны 4503-ке ұласты.

988823
Террорға қарсы жүргізілген операция жалғасуда

Түрік Қарулы Күштерінің Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналарына жасалған операциялары жалғасуда.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Зап, Хакурк және Кандил аймағына кеше әуе операциясы ұйымдастырылды.

Әуе операциясы нәтижесінде террористтер қолданған бірқатар баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.

Енді бір жағынан Бас Штаб басқармасы 1-7 маусым күндері аралығында жасалған операцияларға байланысты мағлұматтарды да бөлісті.

Диярбакыр, Мардин, Шырнак және Ирактың солтүстігінде ұйымдастырылған операцияларда 64 террорист өлтірілді.  

Зәйтүн бұтағы операциясы барысында осы таңға дейін өлтірілген террорист саны 4503-ке ұласты.

 



Ұқсас жаңалықтар