Түркия Ауғанстандағы бомбалы шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Кабулда дін ғұламаларының жиналысын нысанаға алған бомбалы шабуылды айыптады.

985926
Түркия Ауғанстандағы бомбалы шабуылды айыптады

Түркия Ауғанстанның бас қаласы Кабулда кеше жасалған шабуылды айыптап, қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі Кабулда кеше жасалған шабуылмен байланысты жазбаша бір мәлімдеме жасады.

Кабулда дін ғұламаларының жиналысын нысанаға алған бомбалы шабуылда қаза тапқандар мен жаралылар жайлы хабардың күйзеліспен қарсы алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Аталмыш террор шабуылын айыптап, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, дос Ауғанстан үкіметі мен бауырлас ауған халқына көңіл айтамыз. Жаралыларға Алланың рақымшылығын тілейміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар