Түркия медицина саласында Украинаға үлгі болуда

Ульяна Супрун жедел жәрдем қызметтерінде Түркияның өте күшті екенін айтты.

981475
Түркия медицина саласында Украинаға үлгі болуда

Ульяна Супрун жедел жәрдем қызметтерінде Түркияның өте күшті екенін айтты.

Украина Денсаулық сақтау министрі Ульяна Супрун Түркияның денсаулық саласында үлкен табыстарға қол жеткізгенін білдіріп, жедел жәрдем қызметтерінде Түркияның өте күшті екенін айтты.

Ресми сапармен Швейцарияның Женева қаласына барған министр Супрун Анадолы хабар агенттігіне Түркиямен байланысты мәлімдеме жасады.

Супрун медициналық қызметтерінде Түркияны үлгі алғандарын баяндап, мемлекетінде екі айда 5 миллион адамның қалаған жерде отбасы медицина емханасында емделе алатынын айтты.

Түркия Денсаулық сақтау министрі Ахмет Демиржанмен мамыр айының басында Анкарада бас қосқанын еске салған Супрун «Әлем Банкі Түркияның денсаулық саласындағы реформалардың қалай жасағанын көруіміз үшін түрік әріптестерімен кездесуімізді ұсыныс етті» деді.


Этикеттер: #Украина , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар