Түркия мен Катар Йеменге көмек беруде

Йеменде жалғасқан гуманитарлық жәрдем жұмыстары арқылы 1 миллион долларлық жылу жиналады.

980081
Түркия мен Катар Йеменге көмек беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы мен Катар қайырымдылық қоғамы арасында қол қойылған ынтымақтастық келісімінің нәтижесінде Йеменде жалғасқан гуманитарлық жәрдем арқылы 1 миллион долларлық жылу жиналады.

Қызыл Жарты ай қоғамының Стамбулдағы басқарма орталығында ұйымдастырылған рәсімде Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык және Катар қайырымдылық қоғамының төрағасы Файсал Рашид әл-Фехайда ынтымақтастық келісімге қол қойды.

Кынык адамдық трагедияның бірі болған Йемен дағдарысына қарата Катар қайырымдылық қоғамымен бірлесе отырып бір кампания жүргізу үшін ынтымақтастық келісімге қол қойғандарын айтты.

Катар қайырымдылық қоғамының төрағасы Файсал Рашид әл-Фехайда да Түрік Қызыл жарты ай қоғамымен көптеген гуманитарлық жәрдем тақырыбында одақтастық жасағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар