Түркия Ливиядағы шабуылды қатал түрде айыптады

Түркия «Триполиде Жоғарғы сайлау комиссиясын нысанаға алған террор шабуылын қатал түрде айыптаймыз» деді.

963058
Түркия Ливиядағы шабуылды қатал түрде айыптады

Түркия Ливияның астанасы Триполиде ұйымдастырылған және Жоғарғы сайлау комиссиясын нысанаға алған террор шабуылын қатал түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Ливияның астанасы Триполиде ұйымдастырылған және Жоғарғы сайлау комиссиясын нысанаға алған террор шабуылын қатал түрде айыптаймыз. Шабуылда қайтыс болғандардың отбастары мен туыс-туғандарына көңіл айтамыз» деген сөздер қолданды.

Мәлімдемеде «Ливияның тыныштығы мен тұрақтылығын нысанаға алған опасыз әрекетіне қарсы Түркияның дос және бауырлас Ливия халқына деген қолдауын қайталаймыз» делінді.

Ливияның астанасы Триполидегі Жоғарғы сайлау комиссиясы ғимаратына кеше террор ұйымы ДАИШ қарулы ұйымдастырған еді. Шабуылда 15 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды.

 

 

 


Этикеттер: #Ливия , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар