Үш елдің лидерлері бүгін бас қосады

Сирия тақырыбындағы Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті бүгін Анкарада өтеді.

944056
Үш елдің лидерлері бүгін бас қосады

Президент Режеп Тайып Ердоған,  Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен өтетін саммит Президенттік сарайда болады.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда,  кеше жоғары деңгейдегі лауазым иелері бас қосып,  саммит нәтижесінде жариялануы жоспарланған ортақ декларацияға келісті.

Декларацияда Сирияда қазіргі бітімнің жалғасуы,  Сирияның территория тұтастығы және Сирия ішіндегі бітім бұзушылықтарының доғарылуы секілді тақырыптар алға шығарылады.

Басылатын жаңа қадамдар  жөнінде қатысушы елдерден келетін ұсыныстар бүгін үш елдің сыртқы істер министрлерінің жиналысында ұсынылады.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу орыс әріптесі Сергей Лавров және Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф осы ұсыныстарды талқылайды.

Сыртқы істер министрлері қабылдаған декларация жобасын президенттердің де бекітуі күтіледі.

Үштік саммит аясында Ердоған және Рухани арасында екі жақты кездесу де көзделіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар