Екі лидер бас қосты

S-400 зымырандары ерте тапсырылатын болды.

943945
Екі лидер бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейден алынатын S-400 зымырандарының ерте тапсырылатынын білдірді.

Президент Ердоған Анкараға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинмен оңаша кездесті.

Бештепеде баспасөзге жабық өткен кездесу бір жарым сағат болды.

Артынан «Түркия-Ресей жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі» жиналысына қатысқан екі басшы баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Президент Ердоған тағы бір рет президенттік міндетіне сайланған Путинді құттықтады.  Ердоған Путиннің сайлаудан кейінгі шетелге алғашқы сапарын Түркияға жүргізгеніне риза екенін білдірді.

Оңаша және делегациялар арасындағы кездесулерде екі ел қарым-қатынастарын толығымен қолға алғандарын білдірген президент сауда айналымының өткен жылға қарағанда 32 пайыз артқанын және сауда мақсатының 100 миллиард доллар екенін атап көрсетті.

Мерсин қаласында іргетасы қаланған Аккую атом стансасының алғашқы сатысын 2023 жылға дейін аяқтауды жоспарлағандарын айтқан Ердоған стансаның 20 миллиард доллардан асатын бір инвестиция екеніне назар аударды.

 Ердоған Сирия тақырыбына да тоқталды. Қазақстанның елордасы Астанада келісілген келісім бойынша үлкен жетістіктерге жеткендерін білдірген Ердоған: «Толығымен болмаса да,  Сирияда адам өлушіліктің алдын алдық» деді.

Түркия-Ресей-Иран үштік саммитіне байланысты президент Ердоған: «Ертең Ираннан әріптесіміздің қатысуымен үштік жиналыс өткіземіз.  Осында осы процестің, Астана келіссөздерінің бағыты туралы көзқарас алмасамыз» деді.

Ердоған сонымен қатар Путинге Түрік Қарулы күштерінің Африн әскери операциясының нәтижелері жөнінде мәлімет бергенін айтты.  «Көршіміз Сирияның территория тұтастығы тұрғысынан маңызын атап көрсеттім.  Сирияның болашағының ДАИШ, YPG  секілді террорлық ұйымдардың қолына тастамайтындай маңызды екеніне сенеміз» деді  ол.

Ердоған Ресейден алынатын S-400 зымырандарына байланысты да тапсыру мерзімінің ерте болатынын білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин де «Түркиямен қатынастар жақсы жылжуда. Түрлі тақырыптарда жаңа келісімдер үшін қатысты мекемелерге нұсқау берілді. Өзара инвестицияларды арттырамыз» деді.

Президент Ердоған артынан Путиннің құрметіне кешкі қонағасы берді.



Ұқсас жаңалықтар