Австрия үкіметі 18 мың 500 түрікті депортациялауы мүмкін

Екі ел азаматтығына тыйым салынған Австрияда Еркіндік партиясы түрік азаматтарынан екі ел азаматтығы жоқ екенін дәлелдеуін талап етті.

942714
Австрия үкіметі 18 мың 500 түрікті депортациялауы мүмкін

Үкімет ортағы радикал оңшыл Еркіндік партиясы (FPÖ), аталмыш тұлғалардан түрік азаматы емес екендерін дәлелдеуін сұрайды.

Голландияда жарияланған «Trouw» газетінің хабарына қарағанда түрік азаматы емес екендерін дәлелдей алмайтындар Австрия паспорттары мен бұл елдегі барлық құқықтарынан айырылады.

Австриядағы түріктерді мазасыздандырған бұл жаңалық өткен жылы атазаңға енгізілген өзгерістің дәл артынан ортаға шықты.

Радикал оңшыл Еркіндік партиясына (FPÖ) кім екені белгісіз тұлғалар тарапынан Австрияда дауыс қолданған 95 мың түрік сайлаушысының аттары орын алған бір тізім жіберді.

Радикал оңшыл Еркіндік партиясы тізімде сондай-ақ Австрия азаматтығы бар сайлаушылардың болып болмағанын білгісі келгенін атап көрсетті.

Өйткені Австрияда екі ел азаматтығына тыйым салынған.

Еркіндік партиясының аталмыш тізімді Миграция бөлімшесіне жібергені білдірілді.

Тексеру жұмыстарының артынан түрік текті сайлаушылардың көпшілігінің миграция бөлімшесіне тіркеулі екені, 15 мың 500 түрікте болса Австрия паспорты болғаны анықталды.

Австрия мекемелеріне қарағанда осы тұлғалар екі азаматтыққа ие. Миграция бөлімшесі 30 түріктің екі ел азаматы екенін дәлелдеді.

Қазір оңшыл үкімет Австрия паспортына ие оң мыңдаған адамнан "түрік азаматтығы жоқ екені" туралы дәлелдеуін талап етуде.

Бұл талапты ресми түрде дәлелдемегендер Австрия азаматтығынан айырылады және депортациялау рискімен бетпе-бет қалады.

Шекарадан шығарылу қаупімен бетпе-бет қалған босқындардың сотына қараған венециялық қорғаушы, Казым Йылмаз түрік азаматы болмағанын дәлелдеу мүмкін еместігін атап айтты.

Түркия Республикасының «азамат емес» деген бір құжат бермегенін атап көрсеткен Йылмазға қарағанда бұл тұлғалар тек қана Австрия азаматы.



Ұқсас жаңалықтар