Сирия үшін Анкарада бас қосады

Путин мен Рухани Түркияға келеді.

942437
Сирия үшін Анкарада бас қосады

Президент Режеп Тайып Ердоған,  Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Рухани Сирия үштік саммиті аясында 4 сәуір күні Анкарада бас қосады.

Саммиттің басты тақырыбы – Сирияда саяси шешім.

Сирияның территория тұтастығының сақталуы,  Астана процесі нәтижесінде қалыптастырылған қақтығыстарды бәсеңдету аймақтары,  саяси шешім үшін басылатын қадамдар мен терроризммен күрес осы самитте қаралады.

Сирия саммитінен бір күн бұрын 3 сәуір күні Түркия-Ресей Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің жетінші жиналысы өткізіледі.

Ердоған мен Путин басшылығында өтетін жиналыста екі жақты қарым-қатынастар ауқымды түрде қолға алынады.

Экономика тақырыбында Түрік ағыны жобасы,  Аккую атом стансасы мен S-400 әуеден қорғаныс жүйесі қарастырылады.

Ердоған мен Путин Аккую атом стансасының ресми іргетас қалау рәсіміне де қатысады.



Ұқсас жаңалықтар