80 сириялық еліне қайтты

80 сириялық Еліне ерікті түрде оралу бағдарламасы аясында елдеріне қайтты.

940846
80 сириялық еліне қайтты

Елдеріндегі соғыстан қашып,  Түркияны паналаған сириялық кейбір отбасылар Түрік Қарулы күштерінің әскери операцияларынан кейін террорлық ұйымдардан азат етілген аймақтарға кері оралуда.

80 сириялық Еліне ерікті түрде оралу бағдарламасы аясында елдеріне қайтты.

Сириялық Аббас әл Аббас террорлық ұйымдардың шабуылдарынан қашып,  үйімен бірге екі жыл бұрын Түркияға келгенін айтты. Түркияда барлық мұқтаждықтарының қамдалғанын айтқан Әл Аббас: «Отбасымды Түркияға тастап,  Сирияға оралып бара жатырмын. Алдымен үйімді дайындап,  отбасымды шақыртамын. Түркияда бізге көмекті аямаған президент Ердоған бастаған барша түрік халқына алғыс айтамын.  Түрік әскерінен Алла разы болсын.  Сирияны біз үшін сенімді аймаққа айналдырды.  Алла шейіттерге рақым етсін,  ардагерлерге де шипа берсін» деді.

Фатма Марден де Бабтан келгенін, туған жерлерін азат еткен Түрік Қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясына алғыс айтты.

Марден Түркияда ешбір проблемамен кездеспегенін,  алайда туған жерінде қиыншылықтар біткенін,  еліне оралуға шешім бергенін тілге тиек етті.

Өнжүпынар шекара қақпасынан 2015 жылдың 1 қаңтар күнінен бері аталмыш бағдарлама аясында шамамен 60 мың сириялық еліне оралды.



Ұқсас жаңалықтар