Түрік Сыртқы істер министрі Ташкентте

Түркия Ауғанстанда тұрақтылық, қауіпсіздік және молшылықтың қамдалуы үшін қолдау беруін жалғастырады.

938593
Түрік Сыртқы істер министрі Ташкентте

Түркия Ауғанстанда тұрақтылық, қауіпсіздік және молшылықтың қамдалуы үшін қолдау беруін жалғастырады.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте «Ауғанстанда Бейбітшілік процесі, қауіпсіздік саласында ынтымақтастық пен аймақтық ортақтық» атты конференцияға қатысты.

Чавушоғлу сөзінде: «Ауғанстан мемлекет басшысы Ашраф Ғанидің алғышартсыз Талибанмен келіссөз бастау шақыруын жылы қабылдадық және осы шақыру елеусізқалмайды деп ойлаймыз» деді.

Министр Ауғанстанда түбегейлі бейбітшілік Ауғанстан үкіметі тарапынан жүргізілген диолог процесі арқасында орнайтынына сенетінін білдірді.

Түрік министр Ауғанстандағы ұлттық бірлік үкіметінің бейбітшілік процесін жалғастыруға әлеуетінің жететінін атап көрсетіп: «Ауғанстандағы барлық топтардың ауған үкіметін тануын, қақтығысты айыптауларын және заңды саясаттың бір бөлшегі болуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар