Түркияның әлемдегі орны өзгеше

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Түркияның әлемдегі орнының ерекше екенін айтты.

925411
Түркияның әлемдегі орны өзгеше

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Түркияның әлемдегі орнының ерекше екенін айтты.

Нуман Куртулмуш Германияда өткен 52-ші Берлин халықаралық туризм биржасы жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке аясында Түркияның Берлин елшілігінде берілген қонақасында сөз сөйлеген Куртулмуш жаңа бір әлем құрылған кезде Түркияның аймақтың ең маңызды тұрақты елі ретінде жалғасты үлес қосатынын айтты.

Министр Куртулмуш Батыс елдері мүдделерінің Түркияның мүдделерімен қайшы болғанын түсіндірді. Куртулмуш кейбір елдердің мүдделерінің «бөлшектеп жіберіп билеп алу» болғанын, ал Түркияның ұлттық мүдделерінің болса аймақ халықтарының береке-бірлік ішінде бауырластықты күшейту екенін білдірді.

Түркияның тез қарқында дамыған, демократиясын кемелдендірген бір ел ретінде әлемнің барлық елдерімен тату-тәтті қарым-қатынастарын жалғасты дамытатынын баяндаған Куртулмуш «Біз ешкімге дұшпандық жасамаймыз. Біз тек ғана зұлматтарға қарсы шығамыз. Бейуаз халықтың қасында орын аламыз» деді.

Түркия туризмінің соңғы кезеңде қол жеткізген табыстарына тоқталған Куртулмуш Түркия биыл 38 миллион туристті күтіп алуды көздегендерін атап өтті.

Куртулмуш Түркия мен Германия қарым-қатынастарының қалыпқа түсетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар