Мардинде 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Бас Штаб Басқармасы ресми интернет парақшасынан ел көлемінде жүргізілген операциялар жайлы мәлімдеме жасады.

904862
Мардинде 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Мардиннің Кызылтепе ауданында террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ден қашқан 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Бас Штаб Басқармасының ресми интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде кешегі ел көлеміндегі оқиғалар мен күнделікті атқарылған жұмыстар жайлы баяндалды.

Осыған қарағанда Мардин Кызылтепе ауданында террор ұйымынан қашқан 2 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Құрлық күштері қолбасшылығының шекара жасақтары тарапынан заңсыз жолдармен Сириядан Түркияға өтуге әрекет жасаған 804, елден Сирия жаққа өтуге әрекет жасаған 19 адам тергеуге алынды.

Ирактан 17, Грекиядан 26 адам Түркияға заңсыз жолмен кіруге әрекет жасаған кезде ұсталды.

Түркиядан болса Грекияға заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 16 адам жайлы қылмыстық іс қозғалды.



Ұқсас жаңалықтар