Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке аттанады

Чавушоғлу БҰҰ-дағы дауысқа салудан бұрын Палестинаға көмек мақсатында кездесулер жүргізеді.

872222
Сыртқы істер министрі Нью-Йоркке аттанады

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың ветосына ұшыраған Иерусалим резолюция жобасы жалпы кеңеске ұсынылатын болғандықтан Нью-Йоркке барады.

Түркия-Әзірбайжан-Иран Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу мақсатымен Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде жүрген Чавушоғлу кешке Стамбулға қайтады.  Осында Палестинаның Сыртқы істер министрі Рияд әл Маликимен бас қосатын министр артынан Нью-Йоркқа аттанады.

Чавушоғлу БҰҰ-дағы дауысқа салудан бұрын Палестинаға көмек мақсатында кездесулер жүргізеді.

Баку кездесулері барысында АҚШ шешімін тағы бір рет сынаған министр: «Америка Құрама Штаттарының Иерусалим тақырыбындағы қате қадамынан кері шегінуін күтеміз. БҰҰ Бас ассамблеясындағы дауысқа салуда Палестина және Иерусалимді қолдайтын шешім шығады деп ойлаймыз» деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімінен бас тартуын қамтыған резолюция жобасы бейсенбі күні дауысқа салынады.



Ұқсас жаңалықтар