Президент Ердоған мен грек әріптесі мәлімдеме жасады

Ердоған: Лозанна келісімінің бар екенін қалай айта аламыз, демек Лозанна орындалмайды.

863386
Президент Ердоған мен грек әріптесі мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Грекияда Лозанна келісімінің (1923) тақырыбында әлі түсініксіз кейбір жайттар бар екенін атап көрсетті.

Ердоған Грекия сапары аясында бас қосқан грек әріптесі Прокопис Павлопуломен бірге ортақ мәлімдеме жасады.

Түркия Республикасының Азаттық соғысының артынан Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Грекия, Румыния, Болгария, Португалия, Бельгия және Югославиямен 1923 жылы қол қойылған Лозанна келісімі тақырыбында әлі түсіксіз жайттар бар екенін атап көрсеткен Ердоған Батыс Фракиядағы мұсылмандардың өз мүфтилерін әлі өздері сайлай алмауын осыған мысал ретінде көрсетті.

Ердоған «Лозанна келісімінің күшінде екенін қалай айта аламыз, демек Лозанна орындалмайды» деді.

Президент Ердоған Грекияның адам басына шаққанда жарияланған ұлттық табысына қарағанда 18 мың доллар төңірегінде екенін, Батыс Фракия халқының адам басына шаққандағы табысы болса, 2 мың 200 доллар төңірегінде екенін білдірді.

Ердоған «Инвестиция тұрғысынан басуға тиісті қадамдар жайлы қажетті қолдаулар оларға (Батыс Фракия түріктері) берілмеуде. Бұл жерде бір бөлшектенушілік бар. Түркияда менің понти азаматтарыма бағытталған бір ұстаным көре алмайсыз. Ғибадатханалары тұрғысынан ең кіші бір бөлшектенушілік байқай алмайсыз, дегенмен Батыс Фракияда осылар былай тұрсын «түрік» деген сөздің өзіне төзімсіз» деді.

Саясат құқығында келісім-шарттарды қайта реттеу деген бір ереже бар екенін атап көрсеткен Ердоған мұның әлемде көптеген үлгісі бар екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар