Премьер-министр АҚШ шешіміне байланысты мәлімдеме жасады

"Иерусалим – Ислам, христиан діні және иудей дінінің қасиетті мекені" деді ол.

862113
Премьер-министр АҚШ шешіміне байланысты мәлімдеме жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым АҚШ-тың Израильдегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру немесе осы қаланы Израильдің бас қаласы ретінде тану жоспарының заңсыз шешім екенін айтты.

Бинали Йылдырым ресми сапармен Оңтүстік Кореяда жүріп премьер-министр Ли Нак Емен кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

«Баршаға мәлім, Иерусалим – Ислам, христиан діні және иудей дінінің қасиетті мекені. Сондықтан осында ешкіммен санаспай өзгеріс жасау әрі көп уақыттан бері Израиль мен Палестина арасында жүргізіліп келе жатқан,  бір түрлі шешім табылмаған Палестина мемлекетінің құрылуы жоспарын жояды,  бір жағынан діндер арасында жаңа қақтығыстарға жол ашады» деді ол.

АҚШ елшілігін Иерусалим қаласына көшіруі немесе осы қаланың Израильдің астанасы ретінде танылуының заңсыз шешім болатынын айтқан Йылдырым мұның өңірдегі проблемаларды одан әрі қиындата түсетінін білдірді. «Жол жақын кезде,  уақыт бар кезде,  АҚШ президентінің осындай мәлімдеме жасамауы әрі өңірдің болашағы,  әрі жаһандық бейбітшілік тұрғысынан өміршең маңызда» деді.



Ұқсас жаңалықтар