Президент Ердоған партиясының ТҰҰМ жиналысында үн қатты

Президент АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымының Сириядағы тармағы PYD/YPG-ге қару беріп, Түркияға қарсы опасыз бір жоспар жасағанын атап көрсетті.

861817
Президент Ердоған партиясының ТҰҰМ жиналысында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымының Сириядағы тармағы PYD/YPG-ге қару беріп, Түркияға қарсы опасыз бір жоспар жасағанын атап көрсетті.

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) партиясының жиналысында депутаттарға үн қатты.

АҚШ-тың PYD/YPG-ге жіберген қаруларын қайта күн тәртіпке әкелген Ердоған бұл қарулардың Иран, Түркия немесе Ресейге қарсы қолдану мақсатты әкелінгенін атап, Сирияның солтүстігінде бір террор мемлекеті құрылуына ешқашан рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

АҚШ-тағы бір-бірімен келіспейтін мәлімдемелерге тоқталған Ердоған «Біздің қарсыласымыз сайлаумен билікке келген әкімшілік» деді.

Раккадағы ДАИШ мүшесі террористердің ABD-PYD мен келісіп аймақтан эвакуациялауға тоқталған Ердоған АҚШ террористерді Мысырдағы Сахра шөлінде ұстайтынын мәлімдеді.

Баяндамасында Түркияға қарсы құрылған тұзаққа да тоқталған Ердоған Иран текті Рыза Саррафтың  АҚШ-тағы сотының Түркияны Сирия және Ирактағы лас ойыннан алыстату үшін аймақта тыныш террор коридоры ашу үшін күн тәртібіне әкелінгенін атап айтты.

Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) АҚШ тарапынан қорғалып қолдау көрсетілгенін атап айтқан Ердоған «АҚШ-қа үн қатамын. Әлі 15 шілде FETÖ төңкерісін түсінген жоқсыңдар ма? FETÖ-ден бастап олардың барлық қылмыскерлерін соттап, өмір бойы бас бостандығынан айырып жатқанда, олардың қылмыстық іс құжаттары сізге жіберілгенде, тіпті олардың маңызды бір бөлігі АҚШ-ты паналағанда нені жасырып жатсыңдар? Қазір де бұл сот процесінде олармен байланысты байқауға керек едіңдер» деді.



Ұқсас жаңалықтар