Ердоған Ығдырда партиясының қалалық конгресінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымдарының арқасын уқалағандардың ұят теңізінде қылқынатынын атап айтты.

860188
Ердоған Ығдырда партиясының қалалық конгресінде үн қатты

Президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Ығдыр қалалық конгресінде жасаған баяндамасында террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасқанын білдірді.

Қару, өлім, қайғы, қан және қорқыту арқылы ойналған барлық ойындардың қирағанын түсіндірген президент «Елімізге жіберген қанішерлер тобы арқылы бізді тұтқынға алуды ойлағандар өкінетін болады» деді.

Террористерді мыңдаған жүк көліктерімен қару және оқ-дәріге қоректендіргендердің сол қарулар өздеріне бағытталған кезде үлкен қателік жасағандарын түсінетінін атап көрсеткен Ердоған «Қарулардың түріктерді, күрдтерді, сүнниттерді, арабтарды қыруына мазасызданбайды, ең керемет қалалардың үйіндіге айналуына риза болады. Тарих ғибрат алмаған соң қайталанады. Аймағымызда қанішерлер тобы арқылы бізді тұтқынға алуды ойлағандар өкінетін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар