Ердоған мен Аббас телефонда сөйлесті

Басшылар Иерусалимнің статусынан бастап, Палестинадағы соңғы жаңалықтар туралы пікір алмасты.

860133
Ердоған мен Аббас телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббаспен телефонда сөйлесті.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда кеше жүзеге асқан әңгіме барысында басшылар Иерусалимнің статусынан бастап, Палестинадағы соңғы жаңалықтар туралы пікір алмасты.

Президент Ердоған Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін 1967 жылғы шекараларды қамтыған бас қаласы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз және егемен бір Палестина мемлекетін құру керектігіне назар аударды.

Ердоған Иерусалим мен Әл-Месжид әл-Харамның қасиеттілігі мен тарихи статусын қорғаудың барлық Ислам мемлекеттері үшін маңызды екеніне назар аударып, бұл маңызды тақырыпта халықаралық заңдар мен БҰҰ шешімдерінің бұзылмауға тиісті екені атап көрсетілді.

Палестина мемлекет басшысы Аббас болса Түркияның әрқашан қолдауын сезгендерін атап алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар