Түркия мен Еуропа елдері арасында мәселе жоқ

Чавушоғлұ «Қысымға және сыңар жақты әрекеттерге бас иетін бір ел және ұлт емеспіз» деді.

807660
Түркия мен Еуропа елдері арасында мәселе жоқ

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Еуропамен мәселе туылуын қаламағанын айтты.

Чавушоғлұ ресми сапармен Түркияға келген Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихат ұйымдастырды.

Чавушоғлұ Франция мен Түркия арасындағы шынайы диалогқа риза екенін білдіріп, қонақ министрмен кездесуде экономика, энергия және екі ел арасында инвестициялардың арттырылуы тақырыптарының қолға алынғанын білдірді.

Түркияның Еуропа Одағы елдері және Еуропа құрлығымен ешқандай бір мәселесінің болмағанына назар аударған Чавушоғлұ «Еуропаның нашар болуы біздің нашар болуымыз болып табылады. Еуропаның тұрақтылығы біздің қауіпсіздігіміз, тұрақтылығымыз» деген сөздер қолданды.

Министр Чавушоғлұ  сөзін былай жалғастырды: «Еуропамен мәселе туғызатын бір ел емеспіз. Қысымға және сыңар жақты әрекеттерге бас иетін бір ел және ұлт емеспіз. Еуропаға бұны түсіндіруге тырысудамыз».

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан да қабылданды. 



Ұқсас жаңалықтар