Чавушоғлұ «Түркия ешқашан шарасыз емес» деді

Чавушоғлұ «Неміс халқының саясатшылардан күткендері көп» деген сөздер қолданды.

806006
Чавушоғлұ «Түркия ешқашан шарасыз емес» деді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Германияның Түркияға қару сатумен байланысты мәлімдемесінің Түркияның отандық өнеркәсібінің күшеюін ынталандырғанын  еткенін айтты.

Чавушоғлұ «Түркия ешқашан шарасыз емес» деді.

Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Анкараға келген Пәкістан Сыртқы істер министрі Хожа Мұхаммед Асыфпен кездескеннен кейін баспасөз мәслихат ұйымдастырды.

Чавушоғлұ Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэльддің Түркияға қару сатуын тоқтату керектігі жөніндегі сөздері жайлы бір сұраққа орай «Егер Түркия болмасы неміс саясатшылар сайлау кампанияларында материал табуда қиналушы еді. Сайлау Түркияда болғандай болды. Әслінде Германия мен Еуропаның басқа көптеген тақырыптары бар. Неміс халқының саясатшылардан күткендері көп» деген сөздер қолданды.

Министрі Чавушоғлұ сөзін былай жалғастырды:«Мұндай тұғыр біздің өз ұлттық қорғаныс өнеркәсібіміздің күшеюіне мүмкіндік жасауда. Сондықтан отандық және ұлттық өндірісіміз әр салада артуда. Өз соғыс ұшақтарымызды, тікұшақтарымызды өндірудеміз. Түркия ешқашан шарасыз емес».



Ұқсас жаңалықтар