Түркия АҚШ сотының шешімін қатаң түрде айыптады

Түркия АҚШ сотының 15-і президенттің қорғаушысы, жалпы 19 адам жайлы айыптау шешіміне наразылық көрсетті.

799196
Түркия АҚШ сотының шешімін қатаң түрде айыптады

Түркия АҚШ-та президент Ердоғанның мамыр айындағы сапары барысында шыққан оқиғалармен байланысты 15-і президенттік қорғаушысы, жалпы 19 адам жайлы айыптаудың қабылдануы және бұл тұлғаларды соттау шешіміне наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Вашингтон аймағы Жоғары сот прокурорлығының Вашингтондағы өкілетті елшілігіміз алдында 2017 жылдың 16 мамыр күнгі оқиғалармен байланысты айыптауды қабылдау шешімін өкінішпен қарсы алды» делінді.

Мәлімдемеде «Оқиғаның АҚШ жергілікті күштерінің елемеуі, делегациямыздың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеуі және ереуілші көрінісіндегі ПКК террор ұйымы жақтастарының провокацияларынан туындағаны мұның алдында АҚШ мекемелеріне көптеген деңгейде жеткізілді. Дегенмен оқиға орнына барған тіпті, ешқандай АҚШ-қа бармаған тұлғалардың өзі айыпталған заңсыз және бір жақты айыптаудың қабылдануын ең қатаң түрде протест етеміз. Тақырыппен байланысты наразылығымыз АҚШ-тың Анкарадағы Өкілетті елшісіне де жеткізілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар