Көмек Аденге барып жетті

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының көмегі Йеменге жетті.

781959
Көмек Аденге барып жетті

Йеменге Түрік Қызыл жарты ай қоғамы жіберген медициналық көмек материалдары Аденге барып жетті.

Үкіметке қарасты Йемен Жоғары көмек комитеті төрағасының орынбасары Жемал Белфаких қабылдап алған 6 контейнер көмек материалы тырысқақ індеті және балалар ауруы дәрілері мен 47 тонналық түрлі дәрі-дәрмек және медициналық материалды қамтиды.

Белфаких Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Йемен халқына қолдауының мақтауға тұрарлық екенін айтты. Ол Түркияға алғыс білдірді.

Йемендегі Түрік Қызыл жарты ай қоғамының өкілі Мұстафа Айдын болса Түркиядан жіберілген көмек материалдарының йемендіктерге жеткеніне қуанғанын айтып, көмек материалдары Йемен халқының қайғысын жеңілдетсін деп тіледі.



Ұқсас жаңалықтар