Әскери кеңес өтіп жатыр

Жоғары Әскери кеңес бүгін премьер-министр Бинали Йылдырым басшылығында жиналды.

782392
Әскери кеңес өтіп жатыр

Жоғары Әскери кеңес бүгін премьер-министр Бинали Йылдырым басшылығында жиналды.

Кеңес мүшелері жиналыстан бұрын Аныткабирге барды.

Ататүрік мавзолейінде арнайы дәптерге қолтаңба қалдырған премьер-министр Йылдырым: «Мықты іргетас үстіне қалап, мұра қып қалдырған Республиканы дамыған өркениеттер нысанасына жеткізу мақсатымен табандылықпен жұмыстанудамыз. Одан да бай,  одан да сенімді,  одан да әділ,  одан да еркін бір Түркия – ең маңызды мақсатымыз» деп жазды.

Премьер-министр Жоғары Әскери кеңес жиналысының беташарында да сөз сөйледі. Түркияның географиялық орны тұрғысынан маңызды саяси, әлеуметтік,  қауіпсіздік оқиғалары болып жатқан аймақтың орталығында орналасқанын білдірген премьер-министр: «Осы қиын аймақта қауіпсіздігімізге іштен және сырттан төнген қауіп-қатер көп» деді.

Жиналыста Фетуллахшы террор ұйымымен күрес аясында Түрік Қарулы күштеріндегі жұмыстармен қоса полковник, генерал мен адмиралдардың тағайындалуы да күн тәртіпке келеді.

Жоғары Әскери кеңесте қабылданған шешімдер президент Ердоғанның бекітуінен кейін халыққа жария етіледі.



Ұқсас жаңалықтар