Түркия мен Катар бірге жаттығу жасайды

Түркия-Катар теңіз күштері арасында ортақ жаттығу ұйымдастырылады.

781231
Түркия мен Катар бірге жаттығу жасайды

Түркия-Катар теңіз күштері арасында ортақ жаттығу ұйымдастырылады.

Түрік теңіз күштері басқармасына қарасты TCG Гөкова фрегаты Катардың астанасы Доханың оңтүстік-шығысындағы Хамед кемежайына жетті.

Катар Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемесінде Түрік теңіз күштері басқармасына қарасты TCG Гөкова фрегатының екі елдің бірлесе отырып ұйымдастыратын теңіз жаттығуларына қатысу үшін 214 адамнан құралған әскери жасағымен Катарға барғаны білдірілді.

Түркия-Катар теңіз күштері арасында ұйымдастырылуы жоспарланған жаттығулардың Хамед кемежайы, Доха әуе базасы және Катар құрлық кеңестіктерінде болатынына назар аударған мәлімдемеде «Бұл жаттығулар ұшқары әрекет және террормен күресу үшін Катар мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастығы аясында өткізілуде» деген сөздер қолданылды. 



Ұқсас жаңалықтар