Көмек жеткізді

Түркия Ливандағы мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді.

751409
Көмек жеткізді

Түрік Қызыл Жарты ай қоғамы мен Түркияның Ливандағы елшілігі Ливандағы мұқтаж 5500 отбасыға 70 тонна ашық-түлік жіберді.

Көмек материалдарының тапсырылуына байланысты Ливанның солтүстігіндегі Триполи портында рәсім ұйымдастырылды.

Рәсімде сөз сөйлеген Түркияның Ливандағы өкілетті және төтенше елшісі Чағатай Ерджиес Рамазан айының бірлік пен ұйымшылдық айы екенін еске салып,  Түркияның осы қасиетті айда мұқтаж жандарға көмектескенін айтты.

«Осы аяда Түркия Ливанды да ұмытпай,  Түрік Қызыл Жарты ай қоғамымен бірге Ливандағы 5500 отбасыға азық жолдап отыр» деді.

Елші азық-түліктің Триполи және Бекаа алқабы, түрікмендер көп тұратын Айдамон және Кувашра ауылдарында,  Харисса мен Әл Марж аймақтарында таратылатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар