Президент Ердоған Катармен әскери ынтымақтастық аясында 2 заңды бекітті

Заңға қарағанда 5 мыңнан астам түрік әскері Катарға қоныстанады.

749105
Президент Ердоған Катармен әскери ынтымақтастық аясында 2 заңды бекітті

Президент Режеп Тайып Ердоған Катармен әскери ынтымақтастықты қамтыған 2 заңды бекітті.

Президенттік аппараттан жасалған жазбаша мәлімдемеде бұл заңдардың екі ел арасында жасалған «Жандармерияның оқу-жаттығу жұмыстары жөніндегі келісім» және «Катар жерінде Түрік қарулы күштерін қоныстандыру» келісімін қамтығаны еске салынды.

Заңға қарағанда 5 мыңнан астам түрік әскері Катарға қоныстанады.

Екі ел бұл аяда:

- Ішкі қауіпсіздік, контрабанда және қылмыспен күрес, қоғамдық оқиғалармен күрес, әскери қауіпсіздік қызметтеріне бағытталған оқу-жаттығулар мен жылжымалы жаттықтыру әскери тобы тағайындау,

- Тараптардың әскери мектептер, оқу орталықтары және жасақтарында екі жақты өтетін курстар,

- Оқуда қолданылған құрал-сайман және оқу-жаттығу материалдарын жетілдіруде екі жақты жәрдемдесу,

- Ортақ тақырыптарда тәжірибе мен ақпарат алмасу және технология ынтымақтастығы,

- Оқу және технологиялық логистикалық тақырыптарда ақпарат пен тәжірибе бөлісу мақсатты «Данышпандық қызметі» қамтамасыз ету,

- Бас Штаб Басқармасына қарасты оқу мен оқу мекемелерінде, сабақ беру, курс өткізу үшін қызметкер тағайындау сияқты тақырыптарда ынтымақтастық жасалады.

Түркияның артынан Пәкістан да шұғыл шешім қабылдап, Катарда әскер қоныстандыруға дайындалады.

Пәкістан Мәжілісіне Катарға 20 мың әскер жіберу үшін шешім ұсынысы жасады.



Ұқсас жаңалықтар