Түрік қарулы күштері Катарға әскер қоныстандырады

Катармен әскери ынтымақтастық келісімі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жалпы кеңесінде қабылданды.

748297
Түрік қарулы күштері Катарға әскер қоныстандырады

Катарда Түрік қарулы күштерінің қоныстандырылуы және жандармерия оқу-жаттығу тақырыптарындағы екі жақты келісімдерге қатысты заң Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жалпы кеңесінде қабылданды.

Заңды қабылдау себебі ретінде Түркия Республикасы мен Катар мемлекеті Ішкі істер министрлігі арасында 2001 жылы 25 желтоқсан күні қол қойылған Қауіпсіздік ынтымақтастығы келісімі аясында «Түркия Республикасы үкіметі мен Катар мемлекеті үкіметі арасында Жандармерияның оқу-жаттығуы жөнінде ынтымақтастық хаттамасының 2015 жылы 2 желтоқсан күні Дохада бекітілгені еске салынды.

Түркия Республикасы Жандармерия Қолбасшылығы мен Катар мемлекеті Ішкі қауіпсіздік күштері арасында жасалатын ынтымақтастықтың ережелерін белгілеу мақсатты дайындалған хаттамамен оқу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және орындауымен байланысты тақырыптар мен тараптардың қызмет пен жауапкершіліктерінің анықталғаны атап көрсетілді.

Түрік әскери жасақтары осылайша Катарға қоныстанып, екі ел арасында әскери ынтымақтастық жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар