Түрікмендерге көмек таратты

ТИКА Иракта түрікмен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетті.

744577
Түрікмендерге көмек таратты

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА Иракта террор ұйымы ДАИШ салдарынан ел-жұртынан айрылған түрікмен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетті.

ТИКА аймақтағы қақтығыстар салдарынан Мосул және оған қарасты Телафердегі үйлерін тастап,  елдің оңтүстігіндегі Неджефке орналасқан 500 түрікмен отбасыға азық-түлік таратты.

Көмек тарату организациясына Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенше өкілі Фатих Йылдыз өзі қатысты.  Елші Йылдыз балаларға сыйлық таратты.

Мосул мен Телафердегі жүздеген түрікмен террор ұйымы ДАИШ-тың шабуылы салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болған еді.

Түрікмендер Бағдат, Неджеф, Кербела қалаларын паналады.



Ұқсас жаңалықтар