Әуе операциясында 2 террорист өлтірілді

Шырнак пен Диярбакырда ПКК-ға бағытталған операциялар үздіксіз жалғасуда.

743680
Әуе операциясында 2 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштерінің Шырнак пен Диярбакырда ПКК-ға бағытталған әуе операциясында 2 террорист өлтірілді.

Бас штаб басқармасы мәлімдемесінде Диярбакырдың Лидже ауданы ауылдық аймағы мен Шырнак Икиякаларда шабуылға дайындалған террористтерге бағыттап әуе операциясы жасағаны білдірілді.

Лиджеде алғашқы анықтамаларға қарағанда 2 террорист өлтірілді.

Операцияда Лиджеде террор ұйымына тиесілі бір баспана алаңы, Шырнак Икиякаларда болса бір үңгір мен ДШК қару бекінісі жойылды.

Оған қоса, Түрік қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басиян аймағына жасалған әуе операциясында 6 террористтің өлтірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар