"Неміс депутаттарды әскери базаға кіргізбейміз"

Анкара мен Берлин арасындағы Инжирлик базасы төңірегіндегі келіспеушілік жалғасуда.

742681
"Неміс депутаттарды әскери базаға кіргізбейміз"

Анкара мен Берлин арасындағы Инжирлик базасы төңірегіндегі келіспеушілік жалғасуда.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Германиямен арадағы дағдарысқа байланысты: «Бұл шарттарды Инжирлик базасын неміс депутаттарға ашуымыз мүмкін емес» деді.

Сыртқы істер министрі кеше қонақ Габон Сыртқы істер министрі Паком Мубелет Боубеямен өткізілген ортақ баспасөз мәслихатында «Инжирлик тақырыбында Германия канцлері Ангела Меркельдің «Түркиямен соңғы рет келісімге келуге тырысамыз,  артынан шегініп шегінбеуге шешім береміз» деген сөздеріне баға берді.

Министр Германияның Түркияға қарсы қандай іс болса, барлығына қолдау бергенін атап көрсетті. 

16 сәуірдегі референдумда Германияның ұстанымының да анық болғанын айтқан министр Чавушоғлу: «Енді біз Инжирликке келгіміз келеді» дейді. Германия мынаны түсінуі керек.  Мен Түркияға қалағанымды жасаймын, сонда да Түркиядан қалағанымды аламын деген дәуір өтіп кетті. Түркиядан жақсы нәрсе көргіңіз келсе,  Түркияға жау секілді қарамауыңыз керек» деді.

Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэльмен проблемаларды шешу үшін әрдайым сөйлесіп тұрғандарын тілге тиек еткен министр әріптесінің дүйсенбі күні Түркияға келетінін еске салды.

«Бұл шарттарда Инжирликті неміс депутаттарға ашуымыз мүмкін емес. Алдағы уақытта болымды қадам басса, бұны сосын көреміз. Бірақ Конияда проблема жоқ. Кониядағы НАТО-ның базасы. Бірақ Инжирлик Түркиянікі» деді ол.

Министр Чавушоғлу Кипр проблемасының шешілуіне бағытталған келіссөздерге баға беру барысында да понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадистің Женева процесінің жалғасуы үшін алғы шарт қоюының келіссөзді тұйыққа тірегенін айтты. Чавушоғлу Кипр понти жағының алғы шарт қойған ұстанымын қабылдамайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар