Түрік қарулы күштері террор ұйымына үлкен соққы енгізді

ПКК-ға тиеслі 25 үңгірде қазірге дейінгі ең үлкен қару-жарақ пен оқ-дәрі жиынтығы қолға түсті.

727637
Түрік қарулы күштері террор ұйымына үлкен соққы енгізді

Түрік қарулы күштері Бейтүшшебап және Силванда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның қару-жарақ қоймаларына ауыр соққы берді.

Түрік қарулы күштері Шырнактың Бейтүшшебап ауданы ауылдық аймағында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға бағытталған «Шәйіт Жандармерия мыңбасы Ахмет Кахраман-2» операциясы 19 күннен бері жалғасуда.

Инджебел тауларынан Катоға дейін созылған аймақта террористтер пайдаланған 25 үңгір анықталды.

Үңгірлерде бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі қолға түсті.

Операция барысында 444 Калашников автомат қаруы, 46 дана автоматты G-3, 15 дана BİXİ және 2 MG 3 автоматты қару, 2 ДШК, 5 бомба атар, 10 зымыран құрылғысы, 1 мерген қаруы, 4 өрт бомбасы, 12 дана пулемет қолға түсті.

Қолға түскен оқ-дәрі болса өте көп.

130 мыңнан астам мылтық пен автомат оғы, 7 мың 330 ДШК оғы, мың ұшақ қағар зеңбірегі, 259 пулемет оғы, 2 зымыран оғы, 395 граната, 400 тетік, 336 дана зымыран қағар оғы, 16 анти танк минасы, 10 тұман бомбасы және 4,5 тонна аммоний нитрит жарылғыш қолға түскендер арасында назар аударады.

Террористтер қолданған үңгірлерде қолға түскен материалдар арасында көптеген компьютер, фотоаппарат, түңгі оптикалық дүрбі, рация, радио, теледидар, қатқыл диск сияқты электроникалық материалдарда бар.

Сондай-ақ тонналаған азық-түлік материалы, мыңдаған киімдер және көптеген денсаулық сақтау материалдары да назар аударды.

Үңгірлерді қирату үшін басталған 8 бульдозер, 3 экскаватор және әртүрлі машинамен жұмыстар жалғасуда.

Табысты операцияның тағы бір жері Диярбакырдың Силван ауданы болды.

Силван ауылдық аймағында жалғасқан «Байрак-51» атты операцияда болса жерге көмген 1 ДШК ұшақ қағар қаруы, 1 мерген қаруы қолға түсірілді.

Сондай-ақ бір үйде 4 мылтық пен 1 тапаншаға қоса 691 ДШК, 2 мың 57 дана Bixi оғы болып барлығы 3 мың 311 оқ-дәрі қолға түсті.



Ұқсас жаңалықтар