Түрік қызыл жарты ай қоғамы Сирияда топтық тұрғын үй салады

Түрік қызыл жарты ай қоғамы Сирияның Идлиб қаласында тұрақты топтық тұрғын үй салады.

724922
Түрік қызыл  жарты ай қоғамы Сирияда топтық тұрғын үй салады

Түрік қызыл  жарты ай қоғамы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Сирияның Идлиб ауылдық аймағында тіршіліктерін жалғастыруға тырысқан және режим күштері тарапынан көшуге мәжбүрленген сириялықтар үшін салынатын мың тұрғын үй үшін Катар азаматтық қоғам ұйымы «AFIF Charity»-мен хаттамаға қол қойылды.

Келісімге қарағанда «AFIF Charity» шамамен 4 миллион 500 мың доллар қаржыны Түрік қызыл  жарты ай қоғамына құяды.

Түрік қызыл  жарты ай қоғамы төрағасы доктор Керем Кынык араларында мектеп, денсаулық сақтау мекемесі, мешіт пен әлеуметтік жайлар болатын жобаны 6 айдың ішінде аяқтауды жоспарлағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар