ПКК террор ұйымының Солтүстік Ирактағы нысаналары жойылды

Бас Штаб Басқармасы әуе операциясы жайлы мәлімдеме жасады.

712576
ПКК террор ұйымының Солтүстік Ирактағы нысаналары жойылды

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында ПКК террор ұйымына тиесілі нысаналарға әуе операциясы жасады.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кеше кешкі уақытта Зап аймағында террористтер анықталды.

Жасалған әуе шабуылында террор ұйымының 5 баспанасы мен 2 үңгіріне қоса қарулы бекіністері жойылды.

Операцияға қатысқан соғыс ұшақтары операцияның артынан базаларына кері оралды.



Ұқсас жаңалықтар