Калын АҚШ-тың Сирия режиміне операциясын бағалады

Түркия Сирияның әуе базасына АҚШ жасаған операцияны қолдады.

707783
Калын АҚШ-тың Сирия режиміне операциясын бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ тарапынан Хомустағы Шайрат әуе базасына бағытталған әуе шабуылын Асад режимінің соғыс қылмыстарына қарсы қайтарылған бір жауап ретінде бағалағандарын жариялады.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш болса әскери базаның жойылуының болымды және мағыналы бір қадам екенін атап көрсетті.

АҚШ-тың бұл операцияның бейбітшілікке үлес қосуға көмектесетінін үміт еткенін атап айтқан Куртулмуш «Асад режимі өз халқына зиян бере алмайтын күйге келгенше БҰҰ санкцияларын іске қосу керек» деді.

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык АҚШ-тың Сирияда әуе базасын бомбалаумен байланысты «Құрметті Трамптың әсіресе уәдесін орындауы және операция жасауын ‘маңызды’ деп бағалап, қолдаймыз. Халықаралық қоғамды да бұл тақырыпта ынтымақтастық жасауға шақырамыз» деді.

Сыртқы істер министрлігі болса Сирия режимінің Хан Шейхун химиялық шабуылының артынан АҚШ-тың Шайрат әскери базасына операциясының өте болымды қарсы алынғанын атап, «Ұқсас қылмыстардың жазасыз қалдырылмайтыны және есепке тарту механизмін іске қосатын қадамдар Түркияның қолдауын алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар