Министр Кая БҰҰ-да Голландия үкіметін айыптады

Министр Кая БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Әйелдің мәртебесі комиссиясында» баяндама жасады.

692978
Министр Кая БҰҰ-да Голландия үкіметін айыптады

Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая БҰҰ Жалпы Кеңесінде Голландияның нәсілшіл және фашист ұстанымын түсіндірді.

Голландияда өзіне жасалған дипломатиялық жанжалды түсіндірген Кая «Голландияда дипломатиялық қолсұғылмау құқығына ие бір әйел министрдің сөз еркіндігін шектей отырып, Еуропа мен БҰҰ келісімдері бұзылды» деді.

Министр Кая «Әлем бұл қорқынышты әрекетке үнсіз қалмау керек. Көлігімді қоршап алған арнайы топқа ату бұйрығы берілді. Мені қарсы алу үшін жиналған азаматтарымызды полиция иттеріне талатып, жылқылармен адамзатқа лайықсыз ұстаным ортаға қойылды. Елім мен барлық әйелдер атынан бұл нәсілшіл және шетел дұшпандығы ұстанымдарды айыптаймын» деді.

Демократияның әйел құқығы мен бостандығы, еркіндіктер мен негізгі адам құқығының кепілі екенін атап көрсеткен Кая «Голландия демократиясы негізгі құндылықтарын ұмытып, Түркия Республикасының әйел министріне өкілдік жасаған елдің консулдығына кіруіне рұқсат етпеді. Сөз еркіндігі, жиналыс өткізу және саяси қозғалу еркіндігіміз жауыздықпен, қысымшыл және қатаң түрде тапталды» деді.



Ұқсас жаңалықтар