Түркия Мүнбичте автономия жариялаған террор ұйымына наразылық көрсетті

Түркия ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің Мүнбичте автономия жариялауына наразылық көрсетті.

691005
Түркия Мүнбичте автономия жариялаған террор ұйымына наразылық көрсетті

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің Мүнбичте өзін "автономия" ретінде жариялаған декларациясына Түркия қатаң наразылық көрсетті.

Түркияның мұндай аяқ астынан жасалған бір ұстанымды қабылдамайтынын атап көрсеткен вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш «Мүнбичтің иесі мүнбичтіктер» деді.

Нуман Куртулмуш Министрлер Кеңесі жиналысы жалғасып жатқан кезде жасаған мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы PYD-нің Мүнбичте автономия жариялауына наразылық көрсетті.

Түркияның ұстанымының ашық екенін атап көрсеткен Куртулмуш «Біз мұны тиісті тараптармен әңгімелесудеміз. Біз Түркия ретінде Сирияның солтүстігінде күрд бауырларымыздың болмысынан мазасызданбаймыз, бірақ кезкелген бір террор ұйымының Сирияның солтүстігін бір террор мемлекетіне айналдыруына риза болмаймыз. Сол үшін де не алдында жарияланған кейбір кантондар не осылай автономия декларацияларының біз үшін мағынасы жоқ, біз үшін құнсыз» деді.

Түркияның Мүнбичте аяқ астынан бір режим құрылуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсеткен Куртулмуш «Бұл жағдаймен байланысты әрі америкалық, әрі орыс және басқа да тараптармен әңгімелер жалғасуда. Мұның алдында да айтқанымыздай, Менбич менбичтіктердікі. Сол жерде террор ұйымы ДАИШ-ті сол жерден шығарып тастайық деген кезде сол жердегі демографиялық құрылымды өзгертетіндей басқа бір қарулы күшті »сол жерге орналастыру Сирия бейбітшілігіне үлес қоспайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар