Сыртқы істер министрі неміс әріптесімен басқосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен әріптесі Зигмар Габриэльмен Германияда бас қосты.

687301
Сыртқы істер министрі неміс әріптесімен басқосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кейбір түрік министрлердің басқосуларына кедергі жасап, дағдарысқа жол ашқан Германияда әріптесі Зигмар Габриэльмен бас қосты.

Берлинде жүзеге асқан басқосудың артынан баспасөз жиналысы өткізген Чавушоғлу «Габриэль жақсы ниеті мен ойларын, Германия күткен нәрселерді шынайылықпен жеткізді. Досым Габриэльді Түркияда биыл жазғы демалыста күтеміз» деді.

Чавушоғлу Габриэльге соңғы бір жылда Германияда өмір сүрген түрік қоғамына бағытталған жүйелі қысымдардың мазасыздықты арттырғанын және түрік қоғамына болымсыз ықпал еткенін, негізінде Германияның интеграция саясаттарымен де жасалғандардың қарама-қайшы екенін жеткізгенін атап айтты.

Чавушоғлу Германияда өмір сүрген кейбір террористтердің мазасыздықты одан да арттырғанын білдіргендерін атап «Осы жыландар сізді де шағады, өйткені бұлар адамзаттың дұшпаны» деді.

Германиядағы жүйелі Түркия дұшпандығының жойылу керектігін атап көрсеткен Мевлүт Чавушоғлу «Алайда Германияда шешімін қабылдасын, дос қаламыз ба әлде бір-бірімізден ажыраймыз ба?» деді.

Түрік саясат қайраткерлерінің неміс саясатына араласу үшін емес, жай түрде (Германияда өмір сүрген түріктер) сайлаушыларына барлық сайлау науқанында болғандай 16 сәуір күнгі бүкілхалықтық референдумда өздерін түсіндіру мақсатты Германияға барғылары келгенін атап айтқан Сыртқы істер министрі «Өйткені Германияны біз демократиялық ел ретінде көреміз» деді.

Бір жарым сағатқа жалғасқан оңаша кездесудің артынан мәлімдеме жасаған Германия Сыртқы істер министрі Габриэль болса қарым-қатынастардың қиын бір кезеңнен өтіп жатқанын атап, «Айырмашылықтарымызға қарамастан Түркиямен келіссөзден басқа альтернативамыз жоқ» деді.

Габриэль «неміс-түрік ынтымақтастығының табыстарында ұмытпауымыз керек. Әрі Германия, әрі Түркия қарым-қатынастардың бұрынғы қалпына түсуін қалайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар