Сыртқы істер министрі Гамбургке баруға шешім қабылдады

Мевлүт Чавушоғлу Гамбург қаласында барлық тосқауылдарға қарамастан түрік азаматтарымен басқосады.

686486
Сыртқы істер министрі Гамбургке баруға шешім қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кешкі уақытта Германияның Гамбург қаласында түрік азаматтарымен басқосатынын және ешкімнің бұған кедергі жасай алмайтынын атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу Стамбұл Бейоглунда басқосу іс-шаралары аясында мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Азаматтарымызбен басқосуымызға ешкім кедергі жасамақшы болмасын! Демократияның «жиналыс жасау» еркіндігі шарты да осы. Еуропа стандарттары мен құндылықтары толығымен мұны айқындап береді» деді.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа министрлер ұйымдастыратын жиналыстарды болдырмау үшін жүйелі түрде жұмыс істелгенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Түркиядағы бүкілхалықтық референдумға көрші және дос ретінде қабылдаған елдердің осыншама ашық тарап болуы және жағымсыз ұстанымдары меніңше ұятқа қалдыратын жағдай» деді.

Түркияның Германияға қоса ешбір елмен ынтымақтастығын нашарлатқысы келмегенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Дегенмен бізге қарсы дұшпандық көрсеткендерге әрине біз де қажетті жауапты қайтарармыз. Мұны барша білу керек» деді.

Германияда жасалғандардың қабылданбайтынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бүгін Германияда мен өткізетін жиналыс орнының қожайынына алдымен полиция, кейін барлау ұйымы қызметкерлері мен қаншама лауазымды жіберіп, «жиналысты кейінге қалдыр» деп қысым жасайтын болса, жұмыс орны иесі қабылдамаған соң жұмыс орнын жабу туралы шешім қабылдауы жай нәрсе емес. Бұл адам құқықтарына жараспайды. Сол кісіні осы жолмен жазалап, Германияда бір нәрсеге қол жеткізуіңіз мүмкін емес» деді.

«Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі және басқа лауазымдылары елге кіре алмайды» деп мәлімдеме жасаған Голландияға да наразылық көрсеткен Сыртқы істер министрі Чавушоғлу мұның ортақтар мен достар арасындағы қарым-қатынасқа жараспайтын бір ұстаным екенін атап, «Мұны да біздің қабылдауымыз мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар