Әділет министрі Венеция Комиссиясының рапортын бағалады

Әділет министрі Бекир Боздағ неміс баспасөзі мен кейбір баспасөз органдарына тараған атазаң өзгерісімен байланысты рапортты бағалады.

685530
Әділет министрі Венеция Комиссиясының рапортын бағалады

Әділет министрі Бекир Боздағ неміс баспасөзі мен кейбір баспасөз органдарында орын алған Венеция комиссиясының атазаң өзгерісімен байланысты рапортын бағалады.

Боздағ «Венеция комиссиясының атазаң өзгерісімен байланысты рапорт дайындауы және Еуропа Кеңесіне ұсынылуының мағынасы Түркияның бүкілхалықтық референдум кезеңіне ықпалын тигізеді. Болымсыз түсінік қалыптастыруға үлес қосады» деді.

Рапорттың құпия екенін, әлі жарияланбағанын атап көрсеткен Боздағ осыған қарсы рапорттың баспасөзге тарауының этикалық және қабылданар бір жағдай емес екенін атап көрсетті.

Жоба күйіндегі рапорттың медиада кең орын алғанын атап айтқан Боздағ Венеция комиссиясының Еуропа Кеңесінің атазаң дайындау кезеңдерінде мән берген маңызды бір комиссия екенін тілге тиек етті.

Боздағ Венеция Комиссиясының Түркияда үкімет жүйесін өзгертетін жаңа атазаң жобасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) қабылданған соң Түркияға келгенін де еске салды.

Боздағ «Венеция Комиссиясы Түркияға кеңесшілік жасап, атазаң өзгерісінің кейбір жерлеріне болымды өзгерістер жасалуын үміт ететін болса, өзгеріс Атазаң комиссиясында, ТҰҰМ Жалпы Кеңесінде талқыланып жатқанда көзқарас білдіріп немесе Түркияға келіп келіссөздер жүргізу керек еді. Бірақ бұл кезең аяқталған соң барлық осыларды жасауда. Комиссияның рапорт дайындауы, Түркияға кеңесшілік, көшбасшылық жасаумен мүлдем байланысы жоқ. Өйткені Мәжіліс кезеңі аяқталды. Бұдан кейін жазылған мәтінге ешкім ықпал ете алмайды» деді.

Венеция Комиссиясының бүкілхалықтық кезеңіне қатысты рапортымен бейтарап болғанын атап көрсеткен Боздағ рапорттың әділ және объективті екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар