Әділет министрі тұтқындалған журналист жайлы мәлімдеме жасады

Әділет министрі Бекир Боздағ журналист Дениз Южелдің саяси емес, тәуелсіз сот шешімімен тұтқындалғанын білдірді.

682484
Әділет министрі тұтқындалған журналист жайлы мәлімдеме жасады

Әділет министрі Бекир Боздағ неміс «Die Welt» газетінің Түркия тілшісі Дениз Южелді тұтқындау туралы саяси болмаған шешімнің түрік соттары тарапынан қабылданғанын білдірді.

Бекир Боздағ Еуропа Кеңесі Бас хатшысы Турбьёрн Ягландпен Францияда ұйымдастырған баспасөз жиналысында Дениз Южелдің тұтқындалуымен байланысты бір сұраққа жауап қайтарды.

Боздағ «Аталмыш кісімен байланысты шешім тәуелсіз түрік соттары тарапынан қабылданды. Наразылық құқы бар, наразылық үшін шағымданды. Шешім саяси бір шешім емес» деді.

Түрік текті журналист Дениз Южел алдынғы күні «террор пропагандасы жасау және халықты кек алу мен дұшпандыққа ынталандыру» айыбымен Стамбұлда тұтқындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар