"Бір террор ұйымын басқа бір террор ұйымымен жоюға болмайды"

Премьер-министр Түркияның ұстанымын түсіндірді.

675744
"Бір террор ұйымын басқа бір террор ұйымымен жоюға болмайды"

Премьер-министр Бинали Йылдырым Сирияда террор ұйымы ДАИШ-пен күресте Түркияның «қызыл сызықтарын» Америка Құрама Штаттарының жаңа әкімшілігіне баяндады.

Йылдырым бір террор ұйымының басқа террор ұйымы арқылы жойылуының мүмкін еместігін түсіндірді.

Премьер-министр Йылдырым Германияның Мюнхен қаласында өткен 53-ші Мюнхен Қауіпсіздік саммитіндегі кездесулерін баспасөз өкілдеріне айтып берді.

Күн тәртіпте Сириядағы оқиғалар мен операциялар болды. «Бір террор ұйымымен басқа бір террор ұйымын жоюға тырысу дұрыс емес» деген сөздеріне назар аударған Йылдырым террор ұйымы ДАИШ-пен күресте Әл-Бабтан кейін Түркияның көмек беретінін,  алайда операцияларда террор ұйымдарының орын алмауы шартын қойғанын айтты.

Йылдырым аймақта Еркін Сирия Армиясының қолдауының жалғасуы мүмкін екенін де жеткізді.

Премьер-министрдің айтуынша АҚШ әкімшілігімен жаңа жапырақ ашылды.

Менбич тақырыбына да тоқталған Йылдырым Түркияның Менбичке байланысты ниетінің нақты екенін айтып,  Менбичтегі PYD элементтерінің тазалануы үшін АҚШ-тың уәдесін орындауын күтіп отырғандарын білдірді.

Фетуллахшы террор ұйымымен күреске де назар аударған премьер-министр АҚШ вице-президенті Пенстің «Мәселе құқықтық,  бірақ келісімге орай біз бұл мәселені нақты қолға аламыз» дегеніне «Бұл біз үшін жаңа жаңдай» деп баға берді.



Ұқсас жаңалықтар